русский язык
ММА

Қазақстан тумасының менеджері шәкіртінің UFC жаңа рейтингіндегі орнына көңілі толмады

Қазақстан тумасының менеджері шәкіртінің UFC жаңа рейтингіндегі орнына көңілі толмады

Қырғызстандық UFC файтерінің менеджері Дэниел Рубинштейн шәкірті Рафаэль Физиевтің (11-1) америкалық промоушен рейтингіндегі орнына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Физиев жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Кеше, 7 желтоқсанда Рафаэль жаңартылған рейтингте үш сатыға көтеріліп, ресейлік Арман Царукянды басып озды.
Рафаэль Физиев қазір 11-орында. Соңғы шайқаста Физиев Жаңа Зеландия өкілі Брэд Ридделлді жеңген болатын.

«Рафаэль Физиев 11-орында - бұл әзіл ме? Сіздер оның соңғы бес кездесуінен кейін ол Чандлерден кейін алтыншы орынға лайық емес деп ойлайсыздар ма?», - деп жазды Рубинштейн Twitter парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;