Күрес

Азия чемпионы Ахметова-Аманжол карьерасын аяқтады

Азия чемпионы Ахметова-Аманжол карьерасын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды. Әйелдер арасындағы бәсекеде кейбір үздік спортшылар қатыспайды. Оның үстіне ұлттық құрама көшбасшыларының бірі карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сілтеме жасап.

«Біздің спортшылар ел біріншілігі аясындағы жекпе-жектердің басталуын асыға күтуде. Жас спортшылар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Сондықтан әркім өзін көрсеткісі келеді, ұлттық құрамаға шақырту алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағысы келеді.

Көшбасшылардан Татьяна Ахметова-Аманжол мен Валентина Исламова шықпайды. Айта кетейік, Аманжол спорттық карьерасын аяқтады.

Ел чемпионатына Эльмира Сыздықова, Мәдина және Жәмилә Бақбергенова қатысады», - деді команданың бас бапкері Нұрлан Аманқосов.

фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер