Хоккей

«Барыстың» қарсыласы ҰХЛ ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Барыстың» қарсыласы ҰХЛ ойыншысымен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Канадалық қорғаушы Марк Барберио «Ак Барспен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 жастағы канадалық қорғаушы 2021/22 маусымының соңына дейін келісімшартқа отырды. ҰХЛ-да ол «Тампа», «Монреаль» және «Колорадо» командаларында ойнаған болатын, соңғы екі маусымда Швейцариялық «Лозаннада» өнер көрсеткен.

Марат Валиуллин, «Ак Барстың» бас менеджері:

- Марк – жоғары деңгейдегі ойын тәжірибесі бар қорғаушы. Ол бізге қорғаныста да, шабуылда да көмектеседі, оның көшбасшылық қасиеттері біздің командаға пайдалы болады. Біз одан көп жағдайда және қорғаныстан шабуылға өту кезінде қосатын үлесіне сенеміз. Бұл ретте бізде легионердің тағы бір ұстанымы қалып отыр, команданың жасақталуы аяқталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер