Хоккей

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдында даниялық команданы ұтты

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдында даниялық команданы ұтты
news-banner7
mobile-news-top

IA дивизионында жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы Данияда «Эсбьерг» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Матч 7:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар қатарында Даниил Цыбин, Иван Гавриленко, Абай Маңғысбаев, Всеволод Логвин, Николай Шульга шайбы соқты, ал Станислав Александров дубль жасады.

«Эсбьерг» МХК – Қазақстан 1:7 (0:4, 0:2, 1:1)

Желтоқсанның 8-нен 9-ына қараған түні Қазақстан құрамасы екінші сынақ кездесуін Оденсе жастар командасына қарсы өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30-да басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер