русский язык
Бокс

Қазақстандық нокаутшы Алматыдағы бокс кешіне қатысады

Қазақстандық нокаутшы Алматыдағы  бокс кешіне қатысады

Кәсіпқой мансабында бірде-бір жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай (7-0, 5 КО) келесі жекпе-жегіндегі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандыққа тәжірибелі беларусь боксшысы Надзир Бақшиев (7-13) қарсылас атанды. Олардың жекпе-жегі 11 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде өтеді.

Еске салайық, 20 жастағы Төлебай соңғы жекпе-жегін 26 қазан күні Алматыда өткен бокс кешінде өткізді. Боксшының қарсыласы Тәжікстан өкілі Бахтовар Сагизов болды, оны Нұрдос екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;