русский язык
Басқа

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақстандық каратэшілер Алматыда өтетін Азия чемпионатына дайындық үстінде. Команда бас бапкері Асқар Молдағали Дубайдағы әлем біріншілігін қорытындылап, құрлық додасының маңызын атап өтті деп жазады Olympic.kz.

«Токио Олимпиадасы бізге үлкен тәжірибе сыйлады. Спортшыларды одан әрі жігерлендіріп, қанаттандырып жіберді десем, артық емес. Алғаш рет Олимпиада ойындарында жүлде алғанымыз да үлкен жетістік.

Жасы отыздан асса да, Дархан Асаділов ел намысы үшін соңына дейін шайқасты. Алтын аламын деген мақсаты айқын болса да, спортта бәрі біз ойлағандай болмайды.

Сондықтан, қола медальдің бағасы біз үшін қымбат. Софья Берульцеваның Токиоға баратыны ең соңғы сәтте белгілі болды. Өте талантты спортшыларымыздың бірі. Жастығына қарамастан, әлем үздіктернің қатарына тез қосылды. Олимпиададағы жетістік бізді алға жетеледі.

Дубайдағы әлемдік сында барлық спортшымыз соңына дейін күресті. Дегенмен, спорттың аты – спорт. Бүгін жеңілген адам келесі жарыста есе жібермеуге тырысады. Қателіктерден сабақ алып, қорытынды шығару – біздің басты міндетіміз», - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;