ММА

Жалғас Жұмағұловтың кейінгі жекпе-жегі үшін алатын сыйақы мөлшері қандай

Жалғас Жұмағұловтың кейінгі жекпе-жегі үшін алатын сыйақы мөлшері қандай
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-5) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турнирінде өткізген жекпе-жегі үшін алатын гонорары белгілі болды.

Турнирде ол анголалық Манел Капемен (16-6) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта африкалық нокаутпен жеңді.

Осы жекпе-жек үшін Жалғас 24 500 доллар (20 000 доллар – октагонға шыққаны үшін, 4 500 доллар – ынталандыру бонусы) алды.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы алтыншы рет жеңіліске ұшыраса, Манел Капе он жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер