русский язык
Бокс

Нұртас Әжбенов Алматы төрінде шаршы алаңға шығады

Нұртас Әжбенов Алматы төрінде шаршы алаңға шығады

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (11-1, 4КО) Алматыда өтетін MTK Global кешінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

11 желтоқсанда өтетін кеште ол тәжік спортшысы Шерали Достиевпен (9-1-1, 2 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, кейінге кездесуінде Нұртас Әжбенов алғаш рет жеңілген еді. Ол ресейлік боксшы Иса Чаниевтен нокаутпен ұтылып, WBC ABC Continental белбеуінен айырылды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;