русский язык
Теннис

Хорватия құрамасы төртінші рет Дэвис кубогының финалына шықты

Хорватия құрамасы төртінші рет Дэвис кубогының финалына шықты

Теннистен Хорватия құрамасы Дэвис кубогының жартылай финалында Сербияны жеңіп, финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кездесуде хорват теннисшісі, әлемнің 279-ракеткасы Борн Гойо әлемнің 33-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичті 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жнңді.

Екінші кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы, серб теннисшісі Новак Джокович Хорватия өкілі Марин Чиличті 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, есепті теңестірді.

Ал шешуші, үшінші кездесуде хорватиялық Никола Мектич пен Мате Павич сербиялық Новак Джокович пен Филип Краиновичті 7:5, 6:1 есебімен жеңді,

Осылайша, Хорватия құрамасы төртінші рет Дэвис кубогының финалына шықты. 2005 және 2018 жылдары чемпион атанып, 2016 жылы Аргентинаға есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;