Хоккей

«Барыс» елордада «Динамодан» жеңіліп қалды

«Барыс» елордада «Динамодан» жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді.

Ойын барысында ресейлік команданың белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың тарапынан Антон Ведин небәрі 19 секундта мергендік танытты.

Одан кейін Вячеслав Вонйов - 3, Оскар Линдберг 7-минуттарда есепті үстемелей түсті. Екінші кезеңде «Барыс» сапынан Коди Куник 37-минутта есеп айырмасын қысқартқан еді.

Алайда, одан кейін ресейлік Вадим Шипачёв 40-минутта басымдықты қайтадан арттырды. Ал 48-минутта қазақстандық клубтан Кёртис Валк көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер