Спорттық оқ ату Қазақстан кубогы басталды
![Спорттық оқ ату Қазақстан кубогы басталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/201736_dc4e63afed677f31e7b560e50c6bec69.jpg?v=28703663)
1 желтоқсанда Алматыдағы «Отан» орталық спорттық-техникалық клубының аумағында спорттық оқ ату Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы және Жамбыл облысы сияқты елдің әр аймағынан 136-дан астам спортшы қатысып жатыр.
Турнир 8 желтоқсанға дейін жалғасады.