Еркін күрес

Санаев: Қарбаласқа толы олимпиадалық маусымды сәтті аяқтадық

Санаев: Қарбаласқа толы олимпиадалық маусымды сәтті аяқтадық
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев "Алтын самғау-2021" ұлттық спорттық жүлдесіне үміткерлер қатарында.

Балуанның айтуынша, үміткерлер санатына ену спортшыларды одан әрі жігерлендіре түседі.

- Биылғы маусым спортшылар үшін қарбаласқа толы болды. Пандемияға байланысты бір жылға шегерілген Токио Олимпиадасы ұйымдастырылып, еліміздің намысын абыроймен қорғадық.

Әрбір спортшы үшін Олимпиададан жүлде алу үлкен арман. Сол арманымна қол жеткізіп, жанкүйерлерді қуанту бақыты бұйырғанынан тәубе деймін.

Біздің еңбегімізді елеп-ескеріп, жүлдеге үміткерлер тізіміне қосқан Ұлттық Олимпиадалық комитетке рақмет. Қарбаласқа толы маусымды жоғары нотада аяқтауға мүмкіндік бергені үшін алғысым зор, - деді Санаев.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер