Головкин - Мурата жекпе-жегі тарихта қалады
![Головкин - Мурата жекпе-жегі тарихта қалады](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/201131_5b3bc09a7434f3028179afb6236bdea7.jpg?v=28702945)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапон былғары қолғап шебері Риота Мурата жекпе-жегін ұйымдастыруға қомақты қаржы бөлінді.
Жапонияның БАҚ өкілдері хабарлағандай, Головкин - Мурата жекпе-жегін ұйымдастыру үшін 132 миллион доллар қаржы бөлінген. Бұл Жапония жерінде өтетін ең ірі бокс кеші болмақ.
Айта кетейік, Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиодағы Saitama Super Arena-да өтеді.