русский язык
Басқа

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионатында 2 «алтын» алды

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионатында 2 «алтын» алды

Түркияның Анталия қаласында көру қабілеті нашар спортшылар арасында «дойбы-100» өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Жарыста қазақстандық Юрий Носов қарсыластарына есе жібермей, өз шеберлігін көрсетіп, топ жарды. Сонымен қатар 23 жасқа дейінгі спортшылар санатында Данил Гайнуллин де турнирде ең көп ұпай (16) жинап, алтынды олжалады.

Толық зағип спортшылар арасында Болат Жанымхан күміс медальге қол жеткізді. Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде Зинятқыз Нүсіпбаева жарыстың үздік үштігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, дүбірлі додада Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Украина, Польша, Әзірбайжан, Өзбекстан елінен жиналған 60-тан астам спортшы бақ сынады.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;