русский язык
Басқа

Нұрқанат Әжіқанов: Мықтылармен бір қатарда тұру мәртебе

Нұрқанат Әжіқанов: Мықтылармен бір қатарда тұру мәртебе

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұйымдастырып жатқан «Алтын самғау-2021» ұлттық спорттық жүлдесіне үміткерлер қатарына жас спортшы Нұрқанат Әжіқанов та қосылды. Әлем чемпионатынан екі қоламен оралған спортшы өзінің үміткерлер санатына енгеніне қуанышты екенін жасырған жоқ.

«Мен үшін еліміздің мықты спортшыларымен бір тізімде тұру үлкен абырой. Оның үстіне, мұндай байқау атлеттерді одан әрі шабыттандырады.

Бізді ұмытпай, еңбегімізді ескеріп жатқан Ұлттық Олимпиадалық комитетке көп рахмет!

Дауыс беріп жатқан жанкүйерлерге де алғысым зор. Біз өз кезегімізде халықты жеңіспен қуантуға тырысамыз», - деді Нұрқанат.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;