Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
![Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/203991_c8318bbfe82ebe46b1e9a4fa3a8ee8ae.jpg?v=28702940)
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) 18 желтоқсанда өтетін келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леал болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқыда мексикалық Данте Хардон (41-7, 25 КО) қазақстандықтың қарсыласы болуы керек еді, бірақ ол жаттығу кезінде жарақат алып, рингке шыға алмайтыны белгілі болды.
Бокс кеші 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік боксшы Александр Устиновпен қолғап түйістіреді.