Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда кіммен жұдырықтасады
![Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда кіммен жұдырықтасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202111/201736_97c29a1bc46eb7e8c89b093562aff4b9.jpg?v=28669737)
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Boxrec.com порталының мәліметінше, 31 жастағы қазақстандық 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - 39 жастағы мысырлық боксшы Абдумонем Саид (22-1-1, 11 КО). Саид бірінші орта салмақта өз елінің чемпионы. Ол бұл атақты 2020 жылы 26 желтоқсанда жеңіп алған.
Ал Жаңқош Тұраров кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 6 шілдеде өкізді. Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде ол үшінші раундта аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (34-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, WBO құрлықаралық чемпионы атағын жеңіп алды.
Тұраров – Саид жекпе-жегі жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, бұл кеште Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Ержан Зәлілов пен Ескендір Харсан жекпе-жек өткізеді.