Қысқы

Надежда Морозова: Жаңа маусымға дұрыс қадам басып келе жатырмыз

Надежда Морозова: Жаңа маусымға дұрыс қадам басып келе жатырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық спорттық жүлдеге дауыс беру қызу жүріп жатыр. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы" аталымына үміткер конькиші Надежда Морозова өзін үміткерлер тізімінен күтпегенін айтты.

"Былтырғы маусымнан кейін үздік үштікке енуге мүмкіндігім бар екенін түсіндім. Әлем кубогіндегі нәтижені мен үшін күтпеген жағдай болды деп айта алмаймын.

Тұрақты жаттығу, жаттықтырушылар мен спортшылардың мені қолдауы спорттағы нәтижемнің, көрсеткігімнің жақсаруына себеп болады. Сондай-ақ мұнла мақсатқа деген ұмтылыс пен өзіңе деген сенімді қосуға болады. Аталған қасиеттер кәсіби тұрғыдан дамуға түрткі болады.

Маусымды мен үшін өте сәтті, жоспар бойынша басталды деп айтуға болады.

Ал ұлттық спорттық жүлдеге үміткерлер қатарынан өзімді көремін деп ойлаған жоқпын. Әрине, бұл мен үшін ерекше жайт. Демек, қадамды дұрыс басып келе жатырмыз", - дейді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер