«Жетісудың» бұрынғы ойыншысы сотталды

«Жетісудың» бұрынғы ойыншысы сотталды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде такси жүргізушісіне пранк жасағаны үшін үш қазақстандық 3,5 жылға жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Наурызда блогерлер Мәскеу көшелерінің біріне бизнес-класс такси шақырған. Көлік тоқтаған кезде олардың екеуі жүргізушіден жүк салғышты ашып, сөмкелерді салуға көмектесуін өтінді. Осыдан кейін блогерлердің бірі BMW көлігінің тізгініне отырып, тайып тұрған.

Бірнеше минуттан кейін «қарақшылар» қайтып келіп, жүргізушіге оның әзіл екенін айтады. Бірақ такси жүргізушісі полицияға арыз жазған. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.

Мәскеу соты үш қазақстандықты: талдықорғандық «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Рамир Хасанов, 29 жастағы Айдын Түсіпов және 31 жастағы Ерсін Дүмшебайды айыпты деп таныды.

Айта кетейік, экс-футболшы Рамир Хасановтың алғаш рет басы дауға қалып отырған жоқ. Бұған дейін ол Алматыда досымен бірге жолда шахмат ойнап пранк жасаған, кейін метрода тоқтамай жөтеліп, жолаушыларын шошытқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер