Бокс

Махмуд Сабырханға Шымкент қаласынан пәтер сыйға берілді

Махмуд Сабырханға Шымкент қаласынан пәтер сыйға берілді

Бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмуд Сабырханға Шымкент қаласынан пәтер сыйға берілді. Жас спортшы кілтті Шымент қаласы бокс федерациясының президенті Асқар Тұрысбековтың қолынан алды.

Әлем біріншілігінде көрсеткен әдемі боксы мен жақсы техникасы үшін Махмудты ресей БАҚ өкілдері «қазақстандық Ломаченко» атап кеткен. Қазіргі уақытта Сабырхан ҚР ХОК спорттық «Altyn Samgay-2021» жүлдесіне қатысып жатыр.

Қазақстан бокс федерациясы Шымкент қаласының федерациясын және оның президенті Асқар Тұрысбеков мырзаға отандық спортшыларды қолдағаны үшін алғыс айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0