Бокс

Головкин: Жапонияда жанкүйерім көп болса да, көпшілік қарсыласты қолдайтынын түсінемін

Головкин: Жапонияда жанкүйерім көп болса да, көпшілік қарсыласты қолдайтынын түсінемін

BF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Yahoo! Japan сайтына берген сұхбатында WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) алдағы жекпе-жектің қарсыласының туған жерінде өтетініне алаңдамайтын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ GGG Күншығыс еліне барғаннан кейін карантин шараларына байланысты біраз уақыт карантинде қалуға тура келетінін айтты.

- Мен Биг Бэр-дегі лагерь кезінде барлық жалпы дене шынықтыру жаттығуларымды аяқтадым. Біз қазір Флорида штатындағы Форд Лодердейлдегі қалыпты климатта жаттығуды жалғастырамыз. Жапонияға қашан баратынымызды әлі шешкен жоқпыз. Алдағы уақытта карантин кестесінің қандай болатыны белгілі болады.

- Жапонияда сіздің жанкүйерлеріңіз көп, тіпті «жау» аумағында сізді ренжітуі екіталай. Жапондық жанкүйерлеріңізден қандай реакция күтесіз?

– Әрине, жанкүйерлердің көпшілігі Риотаны қолдайтынын білемін. Ол маған да ұнайды, сондықтан бұл табиғи нәрсе, мен бұл туралы алаңдамаймын. Дүние жүзіндегі арена жанкүйерлері мен телекөрермендері тамаша бокс кешінің куәсі болады және жапондық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті жоғары бағалайтынын білемін. Мен жапондықтар осындай үлкен халықаралық шараны өткізуді мақтан тұтқанын қалаймын.

– Жапонияға келген соң карантинде отыруға мәжбүр болатыны сізді мазалайды ма?

– Оқшаулану мені мүлде уайымдатпаййды. Мен қазіргі жағдайдың қандай екенін білемін және осының бәрін түсініп, Жапонияда жекпе-жек өткізуге келістім. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0