Футзал

Видео. Тайнанның голы «Эль-Посоға» жеңіс сыйлады

Видео. Тайнанның голы «Эль-Посоға» жеңіс сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан өнер көрсететін мурсиялық «Эль-Посо» футзалдан Испания чемпионатының шегерілген 9-тур матчында «Левантемен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 4:3 есебімен «Эль-Посоның» жеңісімен аяқталды. Тайнан матчтың 35-минутында гол соқты.

Осы жеңістен кейін «Эль-Посо» 14 ұпай жинап, Примера дивизионда төртінші орынға көтерілді.

«Эль-Посо» (Мурсия) – «Леванте» 4:3 (2:2)
Голдар:
Гадейя (6), Марсел (17), Феде (33, автогол), Тайнан (35) – Хамза (12), Пачу (13), Рохер (40)

Фото instagram.com/elpozomurciafsoficial

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер