Қысқы

Биатлоннан әлем Кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Биатлоннан әлем Кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

27-28 қараша аралығында Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан әлем Кубогының бірінші кезеңі өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жарыста бақ сынайтын Қазақстан құрамасы мынандай: ерлер – Александр Мухин, Владислав Киреев, Данил Белецкий; әйелдер – Галина Вишневская, Дарья Климина, Людмила Ахатова Елизавета Бельченко.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мақсат Шаранов 25 қарашада Швецияның Идре қаласында өтетін IBU Кубогындағы спринт пен із кесу жарысынан кейін Әлем Кубогының екінші кезеңінде өнер көрсететін ерлер құрамасының төртінші өкілі анықталатынын жеткізді. Ал Әлем Кубогының екінші кезеңі 2-5 желтоқсан аралығында тағы да Эстерсунде өтеді.

Айта кетейік, биатлоншылар бірінші кезеңде төрт – екі спринт (ерлер 10 км, әйелдер 7,5 км) пен екі жекелей (ерлер 20 км, әйелдер 15 км) жарыста күш сынасады.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер