Командалық

Баскетболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды

Баскетболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды
news-banner7
mobile-news-top

Щучинскіде баскетболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтар 27 қарашаға дейін бес матчтан өткізеді.

Бірінші ойын күніндегі нәтижелер мынадай:

«Оқжетпес» (Ақмола обл.) – «Қарағанды» 57:34 (15:8, 15:12, 17:2, 10:12)

«Каспий» (Ақтау) – «Намыс» (Алматы обл.) 86:58 (26:16, 16:16, 30:12, 14:14)

«Тұран» (Түркістан обл.) – «Ертіс» (Павлодар) 71:56 (18:9, 19:13, 21:20, 13:14)

«Нұр-Сұлтан Тайгерс» (Нұр-Сұлтан) – «Шымкент» 79:43 (27:10, 15:7, 16:11, 21:15)

Чемпионатта барлық алты матчта жеңіске жеткен «Тұран» көш бастап тұр. «Нұр-Сұлтан Тайгерс» бес мәрте жеңген, «Оқжетпес» пен «Ертісте» төрт жеңістен бар.

Фото nbf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер