Футзал

Видео. Тайнанның командасы Испания чемпионатында «Барсадан» жеңілді

Видео. Тайнанның командасы Испания чемпионатында «Барсадан» жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан өнер көрсететін мурсиялық «Эль-Посо» футзалдан Испания чемпионатының 7-турында каталониялық «Барсадан» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 4:2 есебімен «Барселонаның» пайдасына аяқталды. Тайнан бұл матчта гол соға алмады, ал 20-минутта сары қағаз алды.

Жеті турдан кейін «Барса» мен «Хаен» 18 ұпай жинап, бірінші орынды бөлісіп тұр. «Эль-Посо» 11 ұпаймен 8-орында келеді.

«Эль-Посо» (Мурсия) – «Барса» (Барселона) 2:4 (0:1)
Голдар:
Рафа Сантос (22), Гадейя (39) – Адольфо (3, 30), Феррао (33), Лосано (36)

Фото instagram.com/elpozomurciafsoficial

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер