Қысқы

Шорт-тректен лицензиялық әлем кубогы: Денис Никиша жарысты жетінші орынмен аяқтады

Шорт-тректен лицензиялық әлем кубогы: Денис Никиша жарысты жетінші орынмен аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогінде қазақстандық спортшылар әзірге жүлдеге іліккен жоқ деп хабарлайды Olympic.kz

500 метрге жарысудан ең үздік нәтижені Денис Никиша тіркеді. Ол 7-ші орын иеленген. Осы қашықтықта Әділ Ғалиахметов 10-шы, Абзал Әжіғалиев 23-ші орын алды.

1500 метрге жарысуда Әділ Ғалиахметов 23-ші, Еркебұлан Шамұханов 25-ші орыннан көрінді.

Командалық эстафетада Қазақстан 9-шы орынды қанағат тұтқан.

Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден сынға түскен Яна Хан 41-ші, Алена Волковицкая 47-ші, Әсел Тайшыманова 50-ші орын алған.

1500 метрге жарысудан Ольга Тихонова 25-ші, Мадина Жанбосынова 38-ші орынға табан тіреді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер