Қысқы

Биатлоннан әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

Биатлоннан әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан командасы әлем кубогі қарсаңындағы жаттығу жиынын аяқтауға жақын деп жазады Olympic.kz.

Жаттығу жиыны Финляндияда өтіп жатыр. Дайындық кезеңі 21 қарашада аяқталып, кейін спортшылар жарысқа қатыса бастайды.

Әлем кубогі кезеңдеріне қатысатын Қазақстан командасының құрамы төмендегідей:

Галина Вишневская-Шепоренко, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Дарья Климина, Людмила Ахатова, Сергей Сирик, Александр Мухин, Бекентай Тұрлыбеков, Данил Белецкий, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев.

Айта кетелік, әлем кубогінің бірінші кезеңі Швецияның Эстерсунд қаласында 27-28 қараша аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер