русский язык
Басқа

Батуттағы гимнастикадан әлем біріншілігі: Қазақстандық спортшылар нәтижесі

Батуттағы гимнастикадан әлем біріншілігі: Қазақстандық спортшылар нәтижесі

Әзірбайжанның Баку қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты басталып, алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан сапынан ең жоғары нәтижені Роман Барков тіркеді. Ол жеңімпаздан 10.800 ұпай кем жинап, 38-ші орынға табан тіреді.

Данил Мұсабаев 57-ші, Игорь Грачев 74-ші сатыда.

Айта кетелік, батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты пандемия басталғалы бері алғаш рет өткізіліп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;