русский язык
Басқа

Христич блоктық садақ атудан Азия біріншілігінде жүлде алды

Христич блоктық садақ атудан Азия біріншілігінде жүлде алды

Бангладешттің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты.

Блоктық садақ атудан ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Сергей Христич қола жүлдегер атанды.

Кіші финалда Христич үндістандық спортшы Мохитті 148:145 есебімен жеңіп, құрлық үздіктерінің қатарына еніп отыр.

Еске сала кетейік, Сергей Христич командалық сында күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;