Қысқы

Венгрияда шорт-тректен әлем кубогы кезеңі басталды

Венгрияда шорт-тректен әлем кубогы кезеңі басталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 18 қараша күні Венгрияның Дебрецен қаласында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі басталды.

Спортшылар 500, 1000, 1500 м (жекелей сайыс); 3000 м (әйелдер эстафетасы), 5000 м (ерлер эстафетасы мен аралас микс-командалық) қашықтықтар бойынша сынға түседі.

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей құрамда қатысып жатыр:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамуханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртилек Қажығали.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшманова

Айта кетерлігі, әлем кубогының аталмыш кезеңі 21 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың бірінші күнінде іріктеу бәсекелері өтіп жатыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер