русский язык
Басқа

Каратэден ересектер арасындағы әлем чемпионаты: Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалда жеңілді

Каратэден ересектер арасындағы әлем чемпионаты: Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалда жеңілді

Дубайда каратэден ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесімен таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай әлем біріншілігінің қола жүлдесіне таласады. Мөлдір төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, жартылай финалда германиялық Сара Кубрихке 1:2 есебімен жол берді.

Осылайша, Мөлдір үшінші орынға таласады.

60 келіге дейінгі салмақтағы Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Әжіқанов қолаға таласу мүмкіндігін алу үшін әлі бір кездесуден өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;