русский язык
Басқа

Садақ атудан Қазақстан командасы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Садақ атудан Қазақстан командасы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Блоктық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы құрлық додасының финалына шыққан болатын. Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев және Андрей Тютюн үштігі ақтық сында Оңтүстік Корея құрамасына бір ұпай айырмасымен ұтылды.

Есеп - 235:236.

Бұл Қазақстан еншісіндегі екінші медаль. Бұған дейін классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;