русский язык
Басқа

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациясы басшыларының жиыны өтті

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациясы басшыларының жиыны өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жанындағы жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт федерациясы басшыларының жиыны өтті.

Іс-шарада Федерация басшыларының баяндамалары комитет тарапынан тыңдалып, оларға бірқатар тапсырмалар берілді.

Алқалы жиында 31 спорт федерациясының өкілдері Федерация қызметі жайында және ұлттық құрама командалардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар жиын барысында Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерацияларына Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ спорт төрешілерін дайындау және жаттықтырушыларды қайта даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бұқаралық спортты және жоғары жетiстiктер спортын (спортшылардың спорттық жарыстарда барынша жоғары спорттық нәтижелерге немесе жеңістерге қол жеткiзуiн көздейтін спорт саласы) дамытуға теңгерімді тәсілді іске асырудың маңыздылығын ескере отырып, федерацияларға спорт секцияларының санын ұлғайту, мектеп және студенттердің спорт лигалары шеңберіндегі жобаларды көптеп ұйымдастыру, сонымен қатар аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі спорттық іс-шараларды өткізу арқылы спорт түрлерін дамыту бойынша бірқатар жұмыстарды күшейтуді ұсынды.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;