русский язык

«Тұран» мен «Галатасарай» жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

«Тұран» мен «Галатасарай» жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Қазақстандық «Тұран» мен Түркияның ең титулды клубы «Галатасарай» жолдастық кездесу өткізуге жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің басылымға белгілі болғандай, жақын арада «Тұран» мен «Галатасарай» командалары арасында жолдастық кездесудің ұйымдастырылуы әбден мүмкін. Түркістан облысының басшылығы матчты өткізу мүмкіндігін түрік клубының даму жөніндегі директоры Фатих Ыбрадымен талқылап үлгерді.

«Галатасарай» өзінің 116 жылдық тарихында 59 ұлттық және халықаралық жүлдені жеңіп алған Түркиядағы ең танымал және атақты футбол клубтарының бірі.

«Тұран» футбол клубы 2021 жылы Қазақстан Премьер-лигасында алғашқы маусымын өткізіп, чемпионат кестесінде 12-орынға ие болып, ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;