русский язык

«Шахтер» капитаны Құралбек Ордабаев жүлдесінің алғашқы иегері атанды

«Шахтер» капитаны Құралбек Ордабаев жүлдесінің алғашқы иегері атанды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футбол маусымын қорытындылауды жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

2021 жылғы маусымның үздік қақпашысын анықтау мақсатында лига Қазақстан Чемпионатында ойнаған клубтардың басшылары, бас бапкерлері және капитандары арасында арнайы сауалнама өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап маусымның үздік қақпашысының жүлдесіне атақты отандық қақпашы, футбол ардагері Құралбек Ордабаевтың есімі берілді.

Сауалнама қорытындысы бойынша маусымның үздік қақпашысына берілетін жүлде қарағандылық «Шахтердің» және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкийге бұйырды.

«Шахтердің» капитаны чемпионатта 14 ойын өткізіп, оның бесеуінде өз қақпасын голдан аман сақтап калды. Сонымен қатар Игорь УЕФА Конференциялар лигасында 6 матч өткізді, аталмыш жарыс аясында ол екі рет ерлік жасап, «Колос» пен «Стяуа» командаларына қарсы ойындардан кейін пенальти сериясында өз шеберлегін паш етті. Оған қоса Игорьдің Қазақстан Кубогында бес ойыны бар. Аталмыш жетістіктер Шацкийге Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ресми ойындарда алғашқы кездесуін өткізуге тікелей септігін тигізді. Тәжірибелі қақпашы Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы ойындарында ұлттық құраманың намысын қорғады.

Қазақстан Суперкубогымен қоса Игорь өткен маусымда 29 кездесуде алаңға шығып, аталмыш ойындарда 33 гол жіберіп алды. Келесі екі аптада Шацкийді Қазақстан Кубогының жартылай финалының қарымта кездесуімен мен ықтимал финалдық ойыны күтіп тұр.

Үздік қақпашылар арасында екінші орын Александр Мокинге бұйырды. «Тобылдың» қақпашысы да осы маусымда Франция құрамасына қарсы ойында Килиан Мбаппенің пенальтиден ұрған соққысын қайратып, есте қалды. Сондай-ақ тәжірибелі қақпашы «Хайдукке»қарсы УЕФА Конференциялар лигасының ойындарында он бір метрлік соққыны қайтара алғанын жанкүйерлер мен мамандар ұмытқан жоқ. Жалпы, Александр 2021 жылғы маусымда Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, аталмыш жарыс аясында «Қайрат» пен «Астанаға» қарсы кездесулерде ойын соңындағы пенальти сериясында басты қаһарман атанды. Бұдан бөлек ол Чемпионаттың алтын медалін жеңіп алып, турнирдің барлық 26 ойындарында 18 гол жіберіп алды.

Еурокубоктық және ұлттық құрама сапындағы ойындарды біріктергенде маусым қорытындысы бойынша Мокин 35 матчта ойнап, 33 жіберіп алыпты.

Маусымның ең мықты қақпашыларының үштігін «Қызыл-Жар СК» ФК қақпашысы Мирослав Лобанцев тұйықтады. Ресейлік легионер екінші маусым қатарынан Петропавлдық қомандасының сапында өнер көрсетуде, сонымен қатар ол ұжымның капитаны болып табылады. Лобанцев аяқталған маусымда Қазақстан Чемпионаты аясында 25 ойын өткізді, сондай-ақ Кубоктың бес кездесуінде өнер көрсетті. Статистиканы қорытындылай келгенде Мирослав 30 ойында өз қақпасына 28 гол жіберіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;