Қысқы

Екатерина Айдова әлем кубогінің А тобына қайта оралды

Екатерина Айдова әлем кубогінің А тобына қайта оралды
news-banner7
mobile-news-top

Конькимен жүгіруден Польшада өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Екатерина Айдова В тобында жүлдеге ілікті. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы турнирге қатысты өз ойын бөлісті.

«В тобында екі рет жүлдеге іліктім. 1000 метрге жүгіруден бірінші, 1500 метрге жүгіруден екінші орын алдым. А тобына қайта оралдым. Әрине, өткен маусымдағы қиындықтардан соң жарысты В тобынан бастадым.

А тобы 2020 жылдың нәтижесі бойынша жасақталды. Ал аталған маусымды мен тізе жарақатына байланысты жіберіп алдым. Ендігі кубоктік кезең Норвегияда өтеді. Әрі қарай жалғастырамыз», - деді Айдова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер