русский язык
Басқа

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады, деп Prosports.kz тілшісі хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер құрамасы садақ атудың классикалық түрі бойынша, ал әйелдер құрамасы блоктық садақ бойынша бақ сынайды.

Кіші финалда қазақстандық ерлер Бангладешпен кездессе, әйелдер құрамасы Үндістанға қарсы шығады.

Қазақстан ерлер сапында Санжар Мұсаев, Дәулет Сұлтанбай және Ильфат Абдуллин жарыс жолына шықса, әйелдер сапында Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук ел намысын қорғайды.

Айта кетерлігі, Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін кездесу ертең, 17 қараша күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;