русский язык
Басқа

Жансель Дениз Франциядағы халықаралық таеквондо турнирінің қола жүлдегері атанды

Жансель Дениз Франциядағы халықаралық таеквондо турнирінің қола жүлдегері атанды

Францияның бас қаласы Парижде WT таеквондодан «French ECOpen 2021» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан Таеквондо Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

73 келі салмақтағы жарыс нәтижесінде қазақстандық таеквондошы Джансель Дениз қола жүлдеге ие болды

Аталмыш G-1 дәрежесіндегі ашық чемпионатына әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 450-ден астам спортшы қатысты.

Жартылай финалдық кездесуде Джансель Дениз Германия өкіліне 23:16 есебімен есе жіберіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;