русский язык
Бокс

Бас бапкер ауыр салмақтағы боксшылардың жеңілу себебін айтты

Бас бапкер ауыр салмақтағы боксшылардың жеңілу себебін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатында орта және ауыр салмақтағы боксшылардың жүлдеге ілікпеу себебін бас бапкер тәжірибенің аздығымен түсіндірді.

«Өкінішке қарай, орта және ауыр салмақтағы боксшыларымыз жеңіліп қалды. Бірақ олар қарсыластарына ірі есеппен жол берген жоқ. Бәрі де соңын дейін күшін салды. Негізі, көпшілігі үшін бұл өздері қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты.

Сондықтан, осыдан тәжірибе жинап, келесі әлемдік сында ауыр салмақтағы боксшылар да қуантады деп ойлаймын. Ал 71 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов психологиялық тұрғыдан қателік жіберді. Оны жеңген украиналық боксшы түбінде әлем чемпионы атанғанын көрдіңіздер.

Бек Нұрмағамбет болса, кәсіби бокста әуесқой спортқа тез бейімделе алмады. Соның салдарынан ұтылды», - деді Қайрат Сәтжанов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;