Қысқы

Конькишілеріміз Әлем кубогында өнер көрсетті

Конькишілеріміз Әлем кубогында өнер көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Польшаның Томашув-Мазовеецки қаласында Конькимен жүгіру спортынан әлем кубогы өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстан спортшылары өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

В дивизионында 500 метрлік қашықтықта жарыс жолына шыққан отандасымыз Екатерина Айдова 39,062 (+0,43) нәтижемен төртінші орынға тұрақтады. Ал 1 мың метрлік қашықтықтағы жарыс барысында ол қарсыластарынан озық шығып, 1:17,194 нәтижесін көрсетті.

Ал В дивизонының 1 500 метрлік қашықтықтағы жарыс жолында бірден 4 қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Олардың арасында Дмитрий Морозов қана жақсы нәтиже көрсетіп, 1:49,574 (+2,23) көрсеткішімен 17-орынға табан тіреді. Ал Денис Кузин (+3,26) 23-ші, Виталий Щиголев (+3,51) 26-шы және Демьян Гаврилов (+4,07) 33-шы орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер