русский язык
Басқа

«Ендігі мақсат - ірі жарыстарға қатысу». Cпорттық гимнастикадан еліміздің жаңа чемпионы жоспарын бөлісті

«Ендігі мақсат - ірі жарыстарға қатысу».  Cпорттық гимнастикадан еліміздің жаңа чемпионы жоспарын бөлісті

Спорттық гимнастикадан Шымкентте өткен ел чемпионатында көпсайыстан Диас Тойшыбек жеңімпаз атанды. Жас спортшы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, ересектер арасындағы алғашқы жарысына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Бұл бәсекеге үлкен дайындықпен келдім. Жаз бойы бапкеріммен бірге жарысқа тыңғылықты дайындалдым. Ұлттық біріншілік қорытындысы бойынша, екі алтын, екі қола медаль жеңіп алды.

Ендігі мақсатым – ұлттық құрамамен халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алу», - дейді Тойшыбек.

Айта кетелік, Диас Тойшыбек көпсайыстан және гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудан алтын жүлдегер атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;