Қысқы

Керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шықты

Керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан кёрлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағы чемпионатының ширек финалдағы кездесулері аяқталды.

Қазақстан әйелдер құрамасының ізін ала ерлер құрамасы да жартылай финалға жолдама алды. Ерлер соңғы турда Гонконг құрамасынан 1:9 жеңіліп қалғанымен үздік төрт ұжымның қатарына қосылды.

Енді ертең сағат 9:00-де Қазақстан мен Оңтүстік Корея, Жапония мен Қытайдың Тайпэйі финалға кім шығатынан анықтайды.

Айта кетейік, сәл ертеректе Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгты 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан. Осылайша, олар кем дегенде қола медаль иеленіп, кёрлингтен халықаралық бәсекелерде Қазақстан еншісіне алғашқы жүлдені салды.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер