русский язык
Бокс

Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жегі туралы үндеу жасады

Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жегі туралы үндеу жасады

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінің аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рио Олимпиадасының чемпионы хедлайнерлердің бірі болады. Елеусінов екі титул үшін жұдырықтасады, оның бірі - IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы. Қарсыласы әзірше белгісіз.

«18 желтоқсан. Нұр-Сұлтандағы бокс кеші. Тәуелсіздік күнінде. Басты жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы және IBF Inter-Continental титулдары сарапқа салынады. Өткізіп алмаңыздар», — деп жазды Данияр Instagram-парақшасында.

Алдағы турнир аясында Иван Дычко, Дәурен Елеусінов, Ержан Залилов және басқа да қазақстандық боксшылар рингке шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;