Альверес пен Планттың қанша гонорар алғаны белгілі болды
![Альверес пен Планттың қанша гонорар алғаны белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202111/201736_741fdf1edaa315fbaa7b1195f6e0317d.jpg?v=28705346)
Мексикалық Сауль Альверес пен американдық Калеб Плант 7 қарашада өткен жекпе-жектен қанша гонорар алатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Альварес Плантты 11-раундта нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақта абсолютты әлем чемпионы атанды.
«Канело мен Плант бұл жекпе-жектен алатын тұрақты гонорар сомасы 50 миллион доллар, Альварес 40 миллион доллар алды, қалғаны қарсыласын бұйырды», - деп жазды әйгілі спорт журналисі Дэн Рафаэль Twitter желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, Альварес кәсіпқой бокстағы 57-жеңісіне қол жеткізді (бір жеңіліс). Бұған дейін Сауль мамыр айында рингке оралуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.