Быстровтың командасы «Нижний Новгородты» жеңді
![Быстровтың командасы «Нижний Новгородты» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202111/201736_9845206cf17f6fbaf22816869e34f940.jpg?v=28706062)
Грозныйлық «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 14-турында өз алаңында «Нижний Новгородпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.
«Ахматтың» қазақстандық қорғаушысы Марат Быстров бұл ойында негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді.
«Ахмат» 18 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы орынға көтерілді.
«Ахмат» – «Нижний Новгород» – 3:1
Гол соққандар: Мохамед Конате 40, Даниил Печников 72 (автогол), Даниил Уткин 90 – Кирилл Косарев 55