русский язык
Бокс

«Отандық боксшыларды қолдайық». Әлем чемпионатының жүлдегерлері ҚБФ президентінен қосымша ақшалай сертификаттар алады

«Отандық боксшыларды қолдайық». Әлем чемпионатының жүлдегерлері ҚБФ президентінен қосымша ақшалай сертификаттар алады

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев өз атынан әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін қосымша марапаттайтын болды. Спортшылар жеңген орындарына қарай 70, 50 және 30 мың доллар алады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үйге келген бойда біздің боксшыларымыз қомақты ақшалай сертификаттармен марапатталады: бірінші орын үшін - 70 мың, екінші орын үшін - 50 мың және үшінші орын үшін - 30 мың АҚШ доллары. Отандық боксшыларға қолдау көрсетейік! Қазақстан әрдайым әлемнің ең мықты елдерінің қатарында болды және болады!»- деп атап өтті ҚБФ.

Сонымен қатар, спортшылар AIBA - дан кепілдендірілген жүлде-100, 50 және 25 мың АҚШ долларын алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;