русский язык
Әлем футболы

Шевченко «Дженоаны» жаттықтырады

Шевченко «Дженоаны» жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Украина құрамасының бұрынғы бапкері Андрей Шевченко Италия чемпионатында бақ сынайтын «Дженоаны» жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы италиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Клубтың баспасөз қызметі Twitter желісіндегі ресми парақшасында Украина туы бейнеленген жазба жариялады. Шевченко осы жаңалықты өз парақшасында бөлісті.

Бұған дейін қос тарап екі жылдық келісімшартқа отырғаны хабарланған еді. Украиналық маман жылына 2 миллион еуро жалақы алады.

Айта кетейік, Шевченко Еуро-2020-дан кейін Украина құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;