русский язык
Бокс

Қазақстан бокстан әлем чемпионатында медаль саны бойынша қай орын иеленді?

Қазақстан бокстан әлем чемпионатында медаль саны бойынша қай орын иеленді?

2021 жылы Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бес медаль жеңіп алды. Командалық қорытынды есепте Қазақстан екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстаннан Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын медаль, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) күміс жүлде иеленді. Ал Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Куба 2021 жылғы әлем чемпионатының медальдар тізімінде үш алтын және екі қола медальмен бірінші орын алды. Сондай-ақ үздік үштікте Қазақстаннан бөлек АҚШ құрамасы да бар – екі «алтын» және екі «күміс». Белградтағы әлем чемпионатының толық медальдық кестесін төменде көруге болады.

ӘЧ-2021: Қорытынды кесте

1. Куба — 3-0-2
2. Қазақстан — 2-2-1
3. АҚШ — 2-2-0
4. Жапония — 2-0-0
5. Ресей — 1-2-2
6. Әзірбайжан — 1-0-2
6. Франция — 1-0-2
8. Украина — 1-0-0
9. Таиланд — 0-1-2
10. Беларусь — 0-1-1
10. Өзбекстан — 0-1-1
10. Армения — 0-1-1
10. Италия — 0-1-1
14. Туркия — 0-1-0
14. Бразилия — 0-1-0
16. Грузия — 0-0-2
17. Үндістан — 0-0-1
17. Доминикан Республикасы — 0-0-1
17. Иран — 0-0-1
17. Шотландия — 0-0-1
17. Албания — 0-0-1
17. Сербия — 0-0-1
17. Бельгия — 0-0-1
17. Испания — 0-0-1
17. Тринидад және Тобаго — 0-0-1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;