русский язык
Бокс

AIBA президенті Қазақстанға келеді

AIBA президенті Қазақстанға келеді

Бокстан Белградта өткен әлем чемпионаты аясында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев AIBA президенті Умар Кремлёвпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу достық пейілде өрбіді. Әңгіме барысында қос тарап басшылары қазақстандық және әлемдік бокстың дамуы жөнінде пікір алмасты. Келісімдер нәтижесінде AIBA Президенті Умар Назарұлы Қазақстанға арнайы келуге келісті. Құрметті қонақтың келуі ағымдағы жылдың қараша айында деп күтілуде.

Айта кетсек, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта өткен Әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі.

Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жеңімпаз атанса, Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржан күміс олжалады. Ал құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;