русский язык
Бокс

Кәсіпқой рингте жеңілмеген Мейірім Нұрсұлтанов 15-ші жеңісіне қол жеткізді

Кәсіпқой рингте жеңілмеген Мейірім Нұрсұлтанов 15-ші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі 15-ші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрсұлтанов Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы беларусь Дмитрий Атрохов (16-11, 7 КО) болды. Орта салмақтағы бұл жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа cозылып, Нұрсұлтановтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, ол орта салмақтағы WBC (USNBC) чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;